«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов желіде жазды.

«Бүгін Жақсылық Омарды өзімнің бірінші орынбасарым етіп тағайындадым. Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды. Оған өңірдің барлық мәселесі мен тұрғынының мұң-мұқтажы жақсы таныс. Оның жаңа әрі жауапты қызметке білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдімін», – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Астанадағы ақылы автотұрақтар: әкімдік компаниямен келісімшартты бұзады

Техникалық қате түзетілгеннен кейін блогерлерге салық хабарламалары қайта жіберіледі – Мемлекеттік кірістер комитеті

Қазақстанда ер адамдардың бос уақыты әйелдерге қарағанда екі есе көп

Пікір жазу