«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Қазақстанда ер адамдардың бос уақыты әйелдерге қарағанда екі есе көп

Қазақстанда ер адамдардың бос уақыты әйелдерге қарағанда екі есе көп
көрнекі сурет

Қазақстандықтардың тәуліктік уақыты қалай өтеді: ерлердің бос уақыты әйелдерден көбірек — ресми зерттеу

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы 2024 жылы «Халықтың уақыт бюджетін пайдалануы» атты модульдік зерттеу жүргізді. Сауалнамаға 10 жастан асқан 11 914 адам қатысып, зерттеу бір жыл бойы — қаңтардан желтоқсанға дейін жүргізілген. Бұл зерттеу әр алты жыл сайын өткізіледі.

Басты нәтижелер:

🔹 Жеке күтімге (ұйқы, тамақтану, гигиена) тәуліктің орта есеппен 13 сағаты немесе 54,2%-ы жұмсалады:

  • Ұйқыға – 9 сағат 26 минут

  • Тамақтануға – 1 сағат 57 минут

  • Гигиеналық күтімге – 1 сағат 27 минут

🔹 Жұмысқа – 2 сағат 56 минут (12,2%)
🔹 Үй шаруашылығына – 3 сағат 14 минут (13,5%)
🔹 Оқуға – 28 минут (2%)
🔹 Жеке тұтынуға арналған өнім өндіруге – 12 минут (0,8%)
🔹 Бос уақытқа – 4 сағат 9 минут (17,3%)

Гендерлік айырмашылықтар:

  • Ер адамдар күнделікті жұмысқа орта есеппен 5 сағат 13 минут,
    әйелдер4 сағат 18 минут жұмсайды.

  • Әйелдер үй шаруасына4 сағат 5 минут,
    ал ерлер – 1 сағат 51 минут бөледі.

  • Соның нәтижесінде, ерлердің бос уақыты4 сағат 4 минут,
    әйелдерде2 сағат 56 минут.

Жұмыс істейтіндер арасында:

  • Ер адамдар жұмысқа күніне – 9 сағат 7 минут,
    әйелдер – 7 сағат 57 минут жұмсайды.

  • Бос уақыт ерлерде – 2 сағат 31 минут,
    әйелдерде – 1 сағат 50 минут.

Зерттеу нәтижелері Ұлттық статистика бюросының ресми сайтындағы «Тұрмыс деңгейі статистикасы» бөлімінде жарияланған.

Ұқсас жаңалықтар

Серік Сәпиев Қарағандыдағы даудан кейін жаңа қызметке тағайындалды

Ерекше балаларды қолдауға арналған жаңа жүйе енгізіледі

«Кітаптар әлемі» бес жылдық мерейтойын атап өтті

Redaktor Shyn-Ar