«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Каспийдегі трагедия: Тоқаев көңіл айтқаны үшін Путинге ризашылық білдірді

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы ел үшін осындай ауыр сәтте Қазақстан Ресей көшбасшысы мен халқының шынайы тілектестігін және қолдауын ерекше бағалайтынын атап өтті.

Президент көрші ел басшысымен телефон арқылы әңгімесінде көңіл айтқан.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Мемлекеттік Дума Федералды Жиналысының VIII шақырылымына сайлау науқанының сәтті өтуімен құттықтады. Сайлау нәтижесі Ресейдің ішкі саяси тұрақтылығын нығайту үшін аса маңызды деп есептейді Қазақстан Президенті.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың қарқынды дамуын оң бағалап, Көкшетауда 30 қыркүйекте өтетін Өңіраралық ынтымақтастық форумының маңыздылығына және оның мазмұнды әрі сапалы болуына баса назар аударды. Қазақстан мен Ресей басшылары 16-17 қыркүйек күндері Душанбеде өткен ҰҚШҰ мен ШЫҰ саммиттері аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екендерін нақтылады.

Ұқсас жаңалықтар

Әкесіне қатыгездік көрсеткен ер адам 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Мұраға қалған зейнетақы жинағын қалай алуға болады? БЖЗҚ түсіндірді

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз