«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратҚоғам

Өзін «атыраулық хакер» деп таныстырған блогер қысым көріп жатқанын мәлімдеді

Әлеуметтік желіде өзін «атыраулық хакер» деп таныстыратын блогер өзіне қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Ол Instagram парақшасында жариялаған жаңа жазбасында бұл жағдайға қатысты ресми органдардың мәлімдемесіне келіспейтінін айтып, нақты дәлелдер ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Блогердің сөзінше, кейбір тараптар «ешбір қызметкер тарапынан қысым болмаған» деген ақпаратты әдейі таратып, жауапкершіліктен жалтаруға тырысып отыр. Осыған байланысты ол кімнің, қашан және қай жерде қысым көрсеткенін нақты деректермен дәлелдеуге ниетті екенін мәлімдеді.

«Егер қысым болмады деп ресми түрде шығарып отырса, онда мен нақты аты-жөнін көрсетемін. Бүгін кім қысым көрсетті – барлығы фактімен, аудио және бейнежазбамен дәлелденеді», – деп жазды ол.

Блогер жақын уақытта өзіне қатысты оқиға бойынша дәлелді материалдарды жариялайтынын айтып, қоғам назарын бұл мәселеге аударуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы крематорий жақын арада жұмысын бастайды

Землетрясение на юге Казахстана: были ли зафиксированы разрушения

Қазақстанда жарты жылда пойыз билеттері екі рет қымбаттады

shyn_ar_admin