«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСот

Перизат Қайрат ісі: сот процесі тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін

«BizBirgemiz Qazaqstan» қорының жетекшісі Перизат Қайраттың сот процесі тікелей эфирде өтуі мүмкін. Бұл туралы Жоғарғы сот ҚазАқпарат агенттігінің ресми сұранысына берген жауабында мәлімдеді.

«Егер Перизат Қайраттың ісі сотқа келіп түсіп, қоғам мен заңгерлер тарапынан тиісті сұраныс болса, сот отырыстарын тікелей эфирде көрсету мәселесі қаралуы мүмкін», — делінген Жоғарғы соттың жауабында.

Айта кетейік, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, іс айыптау актісімен бірге Бас прокуратураға жолданды.

Тергеу деректеріне сәйкес, Перизат Қайрат мемлекетке 3,5 млрд теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Сондай-ақ, ұрланған қаржыға сатып алынған құны 865 млн теңгеге бағаланған мүлікке тыйым салынған.

Ұқсас жаңалықтар

Шерзат Полаттың әкесі сотталушылардан түскен өтемақыны балалар үйіне аударатынын мәлімдеді

Redaktor Shyn-Ar

Алматыдағы Сайран маңында 15 жылдан аса қаңырап тұрған құрылыстың бір бөлігі сүріледі

Қуандық Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқан

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу