«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратТағайындау

Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Желдібай тағы бір қызметке тағайындалды
ашық дереккөзден

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру жөніндегі комиссиясының директоры қызметін қоса атқарады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Халықаралық дзюдо федерациясының жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру жөніндегі комиссиясының директоры қызметіне тағайындалдым. Бұл — қосымша қоғамдық жұмыс. Сенім білдіргені үшін IJF басшысы Мариус Визер мырзаға алғысымды білдіремін», — деп жазды Желдібай.

Оның айтуынша, бұл тағайындау Қазақстанның халықаралық спорт ұйымдарындағы беделін арттыруға мүмкіндік береді және өзара тәжірибе алмасуға жол ашады.

«Дзюдо саласын елімізде дамыту бойынша бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Дегенмен, шешімін күткен мәселелер де бар. Әсіресе, дзюдо академиясын құру және аймақтарда арнайы орталықтар ашу қажет. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты да нығайтуды көздеп отырмыз. Осы іске өз үлесімді қосуға тырысамын», — деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Үкіметтің қазіргі ұсынып отырған ҚҚС мөлшерлемесі тым жоғары — Тоқаев

shyn_ar_admin

ЖОО-ға түсушілерге маңызды жаңалық: Министрлік шекті баллдарды жариялады

Redaktor Shyn-Ar

Алматы облысында төрт баланы өз үйінде азаптаған педофилге үкім шықты

Пікір жазу