«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметСот

Шерзат ісі: Айыпталушылар судьяны шеттетуді сұрады, бірақ ол істі жүргізуді жалғастыратын болды

Шерзат қазасы бойынша сотта айыпталушылардың адвокаты судьяны істен шеттетуді сұрады – Алайда ол әрі қарай жалғастыратын болды
ашық дереккөзден

Шерзат Полат ісі: Адвокат судьяны істен шеттетуді сұрады, бірақ өтініш қанағаттандырылмады

Шерзат Полаттың қазасына қатысты өтіп жатқан сот отырысында басты айыпталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Ермек Әбенов судья Ержан Жанұзақовқа қарсылық білдіріп, оны істен шеттетуді сұрады.

Адвокаттың айтуынша, сараптама материалдарында олқылықтар болған. Оның сөзінше, оқиға орнынан түсірілген бейнематериалдардың бір бөлігі ғана ұсынылған, ал негізгі бейнежазба сарапшыларға берілмеген. Сондай-ақ, судья сарапшылар мен тергеушіні сотқа шақыру туралы өтінішті қанағаттандырмаған.

Әбенов бұл шешімге келіспей, судья Жанұзақовты істен шеттетуді талап етті. Оған айыпталушылардың басқа да қорғаушылары қосылды. Ал мемлекеттік айыптаушылар мен жәбірленуші тарап бұл өтінішке қарсы болды.

Мәселені қарауға Алматы облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асқарбек Бейімбетов шақырылды. Ол адвокаттардың өтінішін қанағаттандырусыз қалдырды.

«Өтініште көрсетілген уәждер Қылмыстық іс жүргізу кодексінде судьяны шеттетуге негіз болатын себептерге жатпайды», – деді судья Бейімбетов.

Айта кетейік, бұған дейін сот процесінде марқұм Шерзат Полаттың ағасы мен күдікті Дидар Қалиахметтің беттестіру сәті көрсетілген бейнежазба ұсынылып, тараптар арасында текетірес болған.

Ұқсас жаңалықтар

Павлодарда жетім балаға тиесілі үйде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметінен кетіп, жаңа лауазымға тағайындалды

Redaktor Shyn-Ar

Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қазақстанға келді

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу