«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСот

Шерзат ісі: Сотталғандардың мерзімінен бұрын босатылу мүмкіндігі қандай?

Шерзат ісі: Сотталғандар бостандыққа мерзімінен бұрын шығуы мүмкін бе?
ашық дереккөзден

Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандардың мерзімінен бұрын шартты босауы туралы сұраққа жәбірленуші тараптың құқығын қорғаған адвокат Мейірман Шекеев жауап берді.

Айтуынша, Қылмыстық кодексте аса ауыр бап бойынша мерзімінен бұрын шартты босау өзгеше қарастырылған.

Олар (сотталушылар – ред.) ондай өтінішхатпен (сотқа – ред.) жүгінуі мүмкін. Олар мерзімінің жартысын өтеуі қажет. Себебі бұл – аса ауыр қылмыс. Сонымен қатар азаматтық талапты қанағаттандырулары тиіс. Қаржаубай (марқұм Шерзат Болаттың әкесі – ред.) «Маған ақша қажет емес, олар толықтай жазасын өтеп шыққаны керек» деді. Біз азаматтық талапты бірдей тәртіппен өндіріп алу туралы өтініш білдірдік. Яғни бір тараптың ақшасы болып, моральдық өтемақыны қанағаттандырғанымен екінші тараптың ондай мүмкіндігі болмаса, олар шыға алмайды, — деп түсіндірді адвокат.

Сондай-ақ айыпталушылар жәбірленуші тараптан рұқсат сұрауы қажет.

Ауыр қылмыс болғандықтан олар жәбірленуші тараптан (мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығу үшін – ред.) рұқсат сұраулары керек. Соңғы шешімді сот қабылдайды. Материалдарды зерттеп, бәрін қарайды, — деді Мейірман Шекеев.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады

shyn_ar_admin

Қазақстанда азық-түлік бағасы өсті

Алматыдағы Сайран маңында 15 жылдан аса қаңырап тұрған құрылыстың бір бөлігі сүріледі

Пікір жазу