Прокурор Ержан Құрақбаев Шерзат Полат ісі бойынша тергеу кезінде айыпталушыларға қатысты азаптау әрекеттері болғаны туралы ақпаратты тексеру нәтижелерін жариялады.
Бұған дейін іс бойынша айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев тергеу кезінде өзіне қысым көрсетіліп, физикалық күш қолданылғанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, тек өзіне ғана емес, туған бауыры да соққыға жығылған.
«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мылтық ұстап тұрды. Менің жанымда адвокат болмады, қатты күйзелісте болдым, қорықтым. Олар: «мынаны айт, анау сөзді айт» деп, менің жауабыма араласты. Физикалық күш қолданды. Қарсы алдымнан ұрып, ішіме соқты, жақ сүйегіме бірнеше рет соққы берді. Туған бауырымды да ұрды. Басыма пакет кигізді», – деді Тоқтаубаев 15 мамыр күні сот отырысында.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Алматы облысының прокурорлары бұл дерекке қатысты арнайы тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде айыпталушылардың айтқандары расталмаған. Құқық қорғау органдарының қорытындысына сәйкес, Нұрбол мен Азамат Тоқтаубаевтарға ешқандай қысым көрсетілмеген.