«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСот

Шерзат Полат ісі: Сотталғандар үкімге қарсы апелляциялық шағым берді

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталғандар апелляциялық шағым түсірді

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталғандардың жетеуі апелляциялық шағым түсірді

Жетісу облысында жасөспірім Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сотталғандардың жетеуі үкімге қарсы апелляциялық шағым берді. Бұл туралы зардап шеккен тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.

Адвокаттың айтуынша, бірінші инстанцияның үкімі 2024 жылғы 21 маусымда заңды күшіне енген. Осы күннен бастап сотталғандардың үкімге шағымдануына 15 күн уақыт берілген.

— Шыңғыс Белғожаев пен Думан Ысқақтан басқа барлық сотталғандар мен олардың қорғаушылары апелляциялық шағым түсірді, — деді Шекеев.

Еске салсақ, 2024 жылғы 5 маусымда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судья Ержан Жанұзақовтың төрағалығымен бұл іске қатысты үкім шығарған болатын.

Сот қаулысымен басты айыпталушы Абзал Шынасыл Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), және 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және оқталу) бойынша кінәлі деп танылып, 23 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқиға 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында орын алған. 16 жастағы Шерзат Полаттың қазасы қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі тағайындалды

Түркістан облысындағы балабақшада балалар тағамнан уланып қалды

Redaktor Shyn-Ar

Дау тудырған «Түп-тұқияннан өзіме шейін» үздік 100 кітаптың қатарына енді

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу