«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

«Тамаққа малдың тезегін қосып берген»: Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

көрнекі сурет

Қарағанды облысында адам сенгісіз жағдай орын алды. Жетімдер үйінен алты баланы асырап алған отбасы оларды мейірім мен қамқорлықтың орнына қорлыққа душар еткен. Қыздарын — күң, ұлдарын — құл етіп жұмсаған қатыгездерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу деректеріне сәйкес, балалар күн сайын ұрып-соғылған, аш қалдырылған, тіпті бірі мүгедек болып қалған.

Қарқаралы ауданына қарасты ауылдардың бірінде бұл отбасы 2018 жылы отбасы типіндегі балалар үйін ашып, патронат тәрбиеге алты баланы қабылдайды. Бірақ балалар жаңа отбасынан жылулық орнына ауыр еңбек пен қорлық көреді: оларды бірден қора‑қопсы жұмысына жеккен, мал бақтырып, үй тазалатқан. Қит етсе, қатты соққыға жығып отырған.

Прокурордың айтуынша, балалардың ботқасына мал тезегін араластырып берген жағдай да тіркелген. Балалардың иттің үйшігінде түнеген кезі болған. Медициналық сараптама барысында балалардың денесінде 19-дан 47-ге дейін жарақаттың ізі анықталды. Ең кіші бала таяқтан ауыр жарақат алып, бас сүйегіне пластина салынған.

Аудандық қорғаныш бөлімі мұндай жағдайға қалай көз жұмып қарағаны — үлкен сұрақ. Себебі мемлекет тарапынан бұл отбасына әр бала үшін ай сайын 300 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп отырған.

Қазіргі таңда үш бала туған әжесінің қамқорлығына берілді, қалған үшеуі балалар үйіне қайтарылды. Балалар енді ғана құлдықтан құтылып отыр.

Прокурор Әділ Садықов:
«Балаларға күн сайын күш көрсетіп отырған. Еш себепсіз қамшымен сабап, көсеумен ұрып, денелерін жаралаған. Ауыр еңбек пен дұрыс тамақтанбаудың салдарынан дене бітімдері де дамымай қалған. Бұл — адамгершілікке жат әрекет.», ‑ дейді.

Ұқсас жаңалықтар

Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды

Шығыс Қазақстан облысының 4 ауданы бұрынғы уақыт белдеуіне көшті

Redaktor Shyn-Ar

Жаңаөзендегі жауыздық: мектеп оқушысын әкесімен бірге ұрып-соққан

Пікір жазу