«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Қазақстанда діни неке заңды некеге теңестіріле ме?

Діни неке заңдастырылады ма?
Көрнекі сурет

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәжіліс отырысында қазақстандықтар ресми некеге тіркелудің орнына діни неке қиюмен шектелетіні туралы пікір білдірді.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның «Неке және отбасы туралы» кодексі некені тіркеу мәселесінде дәстүрлі ұстанымдарды ұстанады. Сондықтан діни сенімдерге байланысты қиылатын некеге араласу немесе оларды қайта қарау қарастырылмаған.

Дегенмен Ерлан Сәрсембаев діни неке негізінде құрылған отбасыларда дүниеге келген балалар ажырасу жағдайында мемлекет назарынан тыс қалмауға тиіс екенін атап өтті.

«Неке ресми түрде тіркелген бе, тіркелмеген бе, маңызды емес. Егер балаға алимент төленбесе, мемлекет тарапынан алимент өндіру қарастырылған. Бұл жағдайда алимент өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады», – деді министр.

Ұқсас жаңалықтар

Қызғалдақты жұлған адамға 12 миллион теңгеге жуық айыппұл салынуы мүмкін

Redaktor Shyn-Ar

Тоқаев елордадағы бірқатар нысанды аралады

Qazaq Air әуекомпаниясының атауы өзгереді

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу