Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерге, құтқарушылар мен күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.
Тоқаев Отан қорғаушы күні қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты жиында сардарлар мен сарбаздарды алдағы мерекемен құттықтады.
“Қазақ – болмысынан жаужүрек халық. Батыр бабаларымыз кең-байтақ жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғады. «Ер – елдің айнасы» дейді. Шын мәнінде, халқымыздың ерлік дәстүрі атадан балаға жалғасып келеді. Қазақ сарбазы қай кезде де елін қорғай білген. Жерінің шетіне жау тисе, жұдырықтай жұмылып бір тудың астынан табылған. Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Адамзат тарихындағы осындай сұрапыл соғыс барша елдер үшін үлкен сынақ болғаны сөзсіз. Майданға бір миллион екі жүз мыңнан астам азаматымыз аттанды. Олардың жартысы ұрыс даласынан оралған жоқ. Тыл еңбеккерлері күн-түн демей тер төкті. Осылайша, халқымыз Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Жеңіс мерекесі ерен ерлікті паш етеді. Сондай-ақ бейбіт өмірдің, бірлік пен ынтымақтың маңызын ұғындырады. Жеңіс күні арқылы ұрпаққа берілетін ең басты тағылым – осы”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ азамат наградталды:
I дәрежелі «Барыс» орденімен:
- Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.
I дәрежелі «Даңқ» орденімен:
- Қожаев Марат Шәдетханұлы – Парламент сенатының депутаты.
II дәрежелі «Даңқ» орденімен:
- Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
- Балтабеков Аңсаған Ескендірұлы – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы;
- Жүсіпов Сәкен Сауытбайұлы – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары;
- Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлы – Бас прокурордың орынбасары.
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденімен:
- Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы;
- Құсайынов Олжас Сағындықұлы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің департамент бастығы;
- Цой Олег Владимирович – Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы;
Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен:
- Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
- Ақылов Еркін Бекетұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы;
- Әмірхан Талғат Әмірханұлы – Қорғаныс министрлігі Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының бастығы;
- Балғалиев Сабырғали Базарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары;
- Молдабаев Қайрат Бекзатұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері «Айбын» президенттік полкі басқарма бастығының орынбасары;
- Мұстафин Айбек Мамытбекұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі;
- Финансов Максим Николаевич – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы;
- Шабер Виталий Николаевич – Бас прокуратураның департамент бастығы.
«Құрмет» орденімен:
- Камалов Алпамыс Әмірғалиұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры;
- Кәріпова Айнагүл Төкенқызы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) қызмет басшысының орынбасары.
«Ерлігі үшін» медалімен:
- Есқалиев Ержан Кеңесұлы –Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
- Жұманбек Зарина Қайратқызы – Ішкі істер министрлігі Басқару академиясының аға ғылыми қызметкері;
- Қазыханов Дамир Дүйсенбайұлы – Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің взвод командирі;
- Тащанов Әсет Қамажанұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен:
- Алхамов Абылайхан Ерталапұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аға жедел уәкілі;
- Бақыт Шыңғыс Жақсылықұлы – Қорғаныс министрлігі 25744 әскери бөлімінің танк командирі;
- Кангозина Ольга Сергеевна – Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел уәкілі;
- Мейірбаев Руслан Серікұлы – Қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің фельдшері;
- Омарғалиев Дәурен Батырғалиұлы – Батыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары;
- Тоқанов Бекзат Шәмшіденұлы – Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің күзеті қызметінің бөлім бастығы;
- Төлеңгітов Мирлан Айтқазыұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығының орынбасары.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығы орынбасарының – «Әскери даңқ» музейі бастығының лауазымын уақытша атқарушы Байқадамова Алуа Бақытжанқызына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.