Air Arabia Abu Dhabi әуекомпаниясы Қазақстанға ұша бастайды.
Биылғы 1 маусымнан бастап Қазақстанның әуе тасымалдау нарығына Біріккен Араб Әмірліктерінің Air Arabia Abu Dhabi жаңа әуекомпаниясы кіреді.
«Әуекомпания Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша аптасына
3 рейс жиілігімен (сейсенбі, жұма және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр», — делінген хабарламада.
Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.