«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБасты ақпаратСаясат

«Жастарға жол беремін» — Бозымбаев Алатау қаласының әкімі болмайтынын айтты

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласының әкімі қызметіне тағайындалмайтынын айтты. Ол бірнеше рет әкім қызметін атқарғанын атап өтіп, енді жастарға жол беру қажеттігін айтты.

«Мен үш рет әкім болдым. Қазір аймақтарда жастарға мүмкіндік беру керек», — деді Бозымбаев.

Айта кетейік, Қанат Бозымбаев Алматы қаласының тумасы. Ол 2009–2013 жылдары Жамбыл облысының, 2013–2016 жылдары Павлодар облысының, ал 2021–2022 жылдары Алматы облысының әкімдігін басқарған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтар МӘМС жарналарын міндетті емес, ерікті төлеуді талап етіп, петиция жариялады

«Тектілер ту көтереді» байқауы өз жеңімпаздарын анықтады

Redaktor Shyn-Ar

Ресей Қазақстанға көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылауға рұқсат беруді ұсынды