Шымкентте жүкті әйелдерге арналған мемлекеттік жәрдемақыны заңсыз көбейтуге көмектескен 29 жастағы әйел сотталды. Күдікті 21 жүкті әйелдің жәрдемақысын заңсыз көбейтіп, мемлекетке шамамен 22 миллион теңге көлемінде залал келтірген.
Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті 40 кәсіпкердің цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, жүкті әйелдерге арналған әлеуметтік төлемдер мен сақтандыру жарналарын заңсыз көбейтуді ұйымдастырған. Ол 2024 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін аталмыш әйелдерді жұмыс істейді деп тіркеп, бірақ олар нақты жұмыс істемеген. Осылайша, олардың атынан әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары алынған, нәтижесінде мемлекетке 21 809 917 теңге шығын келген.
Сот процесінде айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Ол заңсыз алынған қаражаттың бір бөлігін пәтердің алғашқы жарнасы ретінде жұмсағанын айтты. Сонымен қатар, “Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” әйелді кешіргенін мәлімдеді.
Сот айыпталушыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда, оның кәмелетке толмаған балаларының бар екені ескеріліп, жаза мерзімі 3 жылға қысқартылды. Сондай-ақ, 22 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығын айыпталушыдан өндірілетін болды.
