«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Алматыда үш бірдей қаржы пирамидасы әшкере болды

қаржы пирамидалары
көрнекі сурет

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» қаржылық пирамидаларының қызметін тоқтатты.

Қаржылық пирамида ұйымдастырушылары салымшыларды трейлерлерді көру арқылы жоғары пайда алу деген сылтаумен жобаларға инвестиция салуға көндірген.

Жоба 9 деңгейден құралып, орташа салым сомасы 225 мың теңгені құрады, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданды.

Мысалы, «Warner Bros» жобасы бойынша салымшылар арнайы қосымшаға тіркеліп, криптовалюта арқылы қолжетімділікті сатып алып, трейлерлерді көру үшін және жаңа салымшыларды шақыру үшін «есептелетін» сыйақылар алған.

Тергеу барысында салымшылардан қаражат жинау және транзит жасау үшін қолданылған криптовалюталық әмияндар анықталды.

Соттың санкциясымен 3,8 млн USDT көлемінде криптоактивтерге тыйым салынды.

Құқықтық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Ұқсас жаңалықтар

Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісін тағайындады

Қай өңірлерді су басуы мүмкін? – вице-министр жауап берді

Ұлттық құрылтайда биыл қандай мәселе көтеріледі?

Пікір жазу