«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратБілімҚоғам

Алты жастағы баланы мектепке беру — кім үшін тиімді?

Қазір қоғамда баланы мектепке 6 жастан беру туралы пікірталас қайта қыза түсті. Бастауыш мұғалімдері үшін бұл шешім, бір жағынан, тиімді: сағат саны қысқармайды, жүктеме сақталады. Ал балабақша тәрбиешілері үшін керісінше — 6 жастағы балалар үшін қосымша ақы төленбейтіндіктен, оларды тобында ұстап қалу экономикалық жағынан тиімсіз.

Сонда кім ұтады? Кім ұтылады?

Ересектер өз мүддесін күйттеп жүргенде, тағы да екі ортада бала зардап шегеді. Дайындалмаған күйі партаға отырған бүлдіршін мектептің тәртібіне, білім жүйесіне бейімделе алмай, түрлі қиындықтарға тап болады. Эмоциялық тұрақсыздық, оқуға қызығушылықтың төмендеуі, өзін бағалаудың төмендеуі — соның салдары.

Бала – есептегі «сағат» не «ақы» емес. Ол – ең әуелі тұлға. Сондықтан қай шешімді қабылдамас бұрын, ең алдымен баланың психологиялық, физиологиялық және әлеуметтік дайындығы назарда болуы қажет.

Мектеп те, балабақша да – баланың дамуына жұмыс істеуі керек. Ересектердің мүддесі емес, баланың болашағы бірінші орында тұруы тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы метросы Алатау қаласына дейін ұзартылмақ

Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру жоспарланып отыр – министр

Жазғы бағыттар: Қазақстанда қосымша пойыздар іске қосылады

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу