«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарӘлеуметБасты ақпаратҚұқық

Түркістан облысында ұлының соққысына жығылған қарттың мәйітіне эксгумация жүргізілді

Түркістан облысы Шардара ауданында ұлының қолынан ауыр жарақат алған қарттың мәйіті эксгумацияланып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, Есіркеп Садақбаев 3 қыркүйекке қараған түні қайтыс болған. Қарт адамның өмірінде гипертониялық жүрек ауруы және омыртқа остеохондрозы диагноздары бар болып, дәрігерлердің бақылауында болған. Алайда, ол дене жарақатын алған соң дәрігерге жүгінбеген.

«Туыстары қайғылы оқиға туралы уақытылы хабарламағандықтан, медицина қызметкерлері анықтау актісін бере алмады. Қазіргі таңда мәйіт эксгумацияланып, сараптама жүргізілуде. Соңғы қорытынды қосымша жарияланады», – делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында ер адамның өз әкесін аяусыз ұрып-соғуы бойынша күдікке ілініп, ол қамауға алынған болатын. Түркістан облысы Полиция департаменті Шардара аудандық полиция бөлімі «Зардап шегушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Күдікті 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

SMS-кодсыз кіру мүмкін емес: Қазақстанда ЭЦҚ кілтін қайта шығару тәртібі өзгерді

Қазақстанда педиатриялық учаскелер қысқартылып жатыр: балалар отбасылық дәрігерге тіркеледі

Redaktor Shyn-Ar

Жылқыға шөп таба алмай отырғанда, киікке қайдан табамыз