«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратҚұқық

Астанада тірі ата-анасын «жерлеп», ақша алмақ болған ер адам ұсталды

Астанада ата-анасының қазасы туралы жалған ақпарат таратып, ақша жинаған ер адам ұсталды.

Астана қаласының полиция қызметкерлері алаяқтық әрекеттерге барған 35 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу материалдарына сәйкес, ол жұмыс орнындағы әріптестеріне бірінші әкесінің, содан соң анасының қайтыс болғанын айтып, жерлеу рәсіміне қаражат қажет деген желеумен ақша жинаған. Сенімге кіріп, адамдардың жанашырлығын пайдалану арқылы қаржы тапқан.

Тексеру барысында ер адамның ата-анасы аман-есен екені белгілі болды. Сонымен қатар, полиция күдіктінің осындай тәсілмен әртүрлі адамдарды алдап, кемінде 10 дерекке қатыстылығын анықтады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, — деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға өзара көмек пен жанашырлық сезімін қылмыстық мақсатта пайдалануға жол бермейтінін қатаң ескертеді. Сондай-ақ, күмәнді жағдайларда сақ болып, дереу полицияға хабарлау қажеттігін еске салады.

Ұқсас жаңалықтар

Шерзатты кім өлтірді? – сотталушы оқиғаны баяндады

Redaktor Shyn-Ar

Продажи новых автомобилей выросли в спросе Казахстане.

Назарбаевтың бастамасымен салынған елдегі бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді