«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпарат

Қостанайда жарты сағатта көшелерді су басты

Қостанай облысында елді мекенді жарты сағаттың ішінде су басып қалды. 29 наурыз күні кешке Қостанай ауданына қарасты Мичуринское кентінің “Восточный” шағынауданы тұрғындары көшелерді еріген қар суы тез арада басып қалғанын хабарлады. Олар су астында қалған жолдарды видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған.

Тұрғындардың айтуынша, небәрі жарты сағат ішінде шағынауданның көшелері мен аулаларын су жайлаған. Бұл туралы “Алау” ақпараттық порталы мәлімдеді.

Қостанай ауданының әкімі Олжас Нұрғалиев жағдайға байланысты түсініктеме беріп, тұрғындардың мүлкін қорғау үшін жолдарды қазу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Оның сөзінше, қардың тез әрі көп еруіне байланысты Мичурин ауылдық округінде судың бағытын өзгерту мақсатында осындай шаралар қабылданған.

Әкім тұрғындарды сабыр сақтауға шақырып, дүрбелеңге жол бермеуді өтінді. Қазіргі уақытта оқиға орнында барлық қажетті техника мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.

Оқиғаға байланысты әкімдікте жедел штаб құрылған. Ресми мәлімет бойынша, тұрғын үйлерді су баспаған, ешкімнің мүлкіне зиян келмеген. Жағдай толық бақылауда.

Сонымен қатар, түнде еріген қар суы Қостанай қаласындағы Құнай шағынауданына да жеткені белгілі болды.

Ұқсас жаңалықтар

1 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған бұрынғы спорт вице-министрі Қожағапановқа сот үкімі шықты

Қазақстанда кедейлікті бағалау өзгереді: енді тек табыс емес, тұрмыс сапасы маңызды

Алматыда жаяу жүргіншілер жолы электрсамокаттардан тазарады

Redaktor Shyn-Ar