«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратҚұқық

Қазақстанда заң бұзушылықты видеоға түсіргендерге 43 мың теңгеге дейін беріледі

Түркістан облысында құқық бұзушылықты фото немесе видеоға түсіріп, оның анықталуына көмектескен азаматтарға 43 250 теңгеге дейін сыйақы төлеу тәртібі бекітілді.

Жаңа ереже 2026 жылғы 2 наурызда күшіне енген «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заң негізінде әзірленген. Алайда әрбір видео үшін ақша төленбейді.

Сыйақы алу үшін түсірілген құқық бұзушылық фактісі расталып, оның бұрын басқа жолмен тіркелмегені анықталуы керек. Әкімшілік іс бойынша қаулы заңды күшіне еніп, құқық бұзушы айыппұлды толық төлегеннен кейін ғана материал арнайы комиссияға жіберіледі.

Сыйақының ең жоғары мөлшері — 10 АЕК немесе 43 250 теңге. Нақты соманы комиссия азаматтың құқық бұзушылықты анықтауға қосқан үлесіне қарай белгілейді.

Хабарламаны «Е-Өтініш» жүйесі, «102» мобильді қосымшасы немесе полицияның кезекші бөлімі арқылы беруге болады. Өтініш беруші өзінің ЖСН-ін, жеке куәлік деректерін, мекенжайы мен банк шотын көрсетуі тиіс.

Комиссия өтінішті 15 жұмыс күнінде қарайды. Шешім оң болса, сыйақы 30 күнтізбелік күн ішінде аударылады. Төлем жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаражат болған жағдайда беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада ең үздік қымыз үшін 45 миллион теңге сыйақы беріледі

Сот Нұрбол Назарбаевтың өзін банкрот деп тану туралы талабын тағы да қанағаттандырмады

Мұраға қалған зейнетақы жинағын қалай алуға болады? БЖЗҚ түсіндірді