«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратҚоғам

Қазақстанда шетелдіктерге суррогат ана қызметін пайдалануға шектеу қойылады

Сенат шетел азаматтарының Қазақстанда суррогат ана қызметін пайдалануына шектеу енгізуді көздейтін заң жобасын мақұлдады. Тиісті өзгерістер «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске енгізілмек.

Жаңа нормаға сәйкес, суррогат ана қызметіне тек Қазақстан азаматтары және ресми некеде тұрған ерлі-зайыптылар ғана жүгіне алады. Бұл түзету «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында ұсынылған.

Қолданыстағы заңнамада суррогат ана мен бала сүюді жоспарлаған ерлі-зайыптылар арасында шарт жасалатыны көрсетілгенімен, тапсырыс берушілердің Қазақстан азаматы болуы міндетті талап ретінде белгіленбеген.

Енгізіліп отырған өзгерістерге сәйкес, енді суррогат анамен келісімшарт жасасу және осы қызметке тапсырыс беру құқығы тек Қазақстан азаматтарына ғана беріледі. Бұл бастама аталған саланы құқықтық тұрғыдан реттеуді күшейтіп, суррогат ана институтын пайдалануға қатысты талаптарды нақтылауға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Шерзат Полаттың өлімі: Сотта көліктегі жазба жарияланды – күдіктілер шетелге қашуды талқылаған

10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек екені рас па? Полиция жауабы

Сәресі мен ауызашар дұғасы

Redaktor Shyn-Ar