«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылары Қанат Алмабек пен Данияр Абдигапаров іздеуге жарияланды.
Олар туралы мәлімет іздестіру базасында жарияланды.
Қанат Алмабек – үш күннен бері іздеуде. Туған күні: 1984 жылғы 10 сәуір. Жынысы: ер, Қазақстан азаматы, ұлты – қазақ. Іздестіру ісі 2025 жылғы 23 мамырда тіркелген. Аймақ – Алматы облысы. Іздестіруді бастаған орган – ҚР ІІМ. Іздестіру жүргізетін орган – Қарасай ауданының полиция басқармасы – делінген база жазбасында.
Сол базада Данияр Абдигапаровтың да деректері жарияланған.
Данияр Амалбекұлы Абдигапаров – үш күннен бері іздеуде. Туған күні: 1982 жылғы 1 наурыз. Жынысы: ер, Қазақстан азаматы, ұлты – қазақ. Іздестіру ісі 2025 жылғы 23 мамырда тіркелген. Аймақ – Алматы облысы. Іздестіруді бастаған орган – ҚР ІІМ. Іздестіру жүргізетін орган – Қарасай ауданының полиция басқармасы, – деп көрсетілген.
Еске салсақ, Алмабек пен Абдигапаров аса ірі көлемдегі алаяқтықты қылмыстық топ құрамында жасады деген күдікке ілінген. Олардың атышулы ісі Алматы мен Алматы облысы үшін маңызды сауда хабы саналатын «Алтын Орда» базарын бақылауға алуға бағытталған таласпен тығыз байланысты.
Атап айтқанда, Алмабек пен Абдигапаровтың әрекеттеріне қатысты рейдерлік, сыбайлас жемқорлық және сауда орындарымен алаяқтық жасау бойынша айыптаулар болған.