«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратҚоғам

«Қазақ тілі – басты құндылығымыз»: Magnum компаниясы халықтан кешірім сұрады (видео)

"Қазақ тілі – басты құндылығымыз": Magnum компаниясы халықтан кешірім сұрады
видео скрин

Тіл дауынан бірнеше күн өткен соң Magnum ірі бөлшек сауда желісі ресми мәлімдеме жасап, халықтан кешірім сұрады.

Әлеуметтік желіде Magnum желісі курьерінің жұмыстан қуылуы қызу талқыға түсті. Дау курьердің тұтынушыдан қазақ тілінде сөйлеуді талап етуінен басталған. Ал кейін компания басшылығы оны жұмыстан шеттеткен. Осыдан кейін қазақстандықтар компанияға бойкот жариялап, шағымдана бастады. Ұзаққа созылған талқыдан соң “Magnum” компаниясының топ-менеджері Нияз Шапақов ресми мәлімдеме жасап, халықтан кешірім сұрады.  Ол компанияның қазақ тілін құрметтейтінін айтты.

«Бұл жағдай елді дүрліктіріп, мазасын алғаны үшін өкініш білдіреміз. Magnum басшылығы атынан барлық құрметті клиенттеріміз бен отандастарымыздан шын жүректен кешірім сұраймыз! Халқымыз ұстамдылық және парасаттылықпен кез келген дауды шеше білген. Қазір қызметкер мен клиент арасындағы түсініспеушілік толығымен жойылды. Олар қол алысып татуласты. Бір-біріне өкпе-реніші жоқ. Ал курьер жұмысын жалғастырып жатыр. Бәріміз қазақпыз. Осы елдің азаматымыз. Әрине біз де қазақ тілін құрметтейміз. Ана тіліміз басты құндылығымыз. Оны білу әрқайсымыздың асыл парызымыз”, – деді Нияз Шапақ.

http://<script async src=»https://telegram.org/js/telegram-widget.js?22″ data-telegram-post=»stankznews/20570″ data-width=»100%»></script>

Ұқсас жаңалықтар

Жалғыз қазақ ауылы жойылып барады: Су жоқ. Жол шұрық-тесік. Мәдениет ұмытылды

Түркістан Қазақстанның құрамына қашан кіреді?

Redaktor Shyn-Ar

Балабақшалардың қызметі 2027 жылдан бастап лицензияланады

shyn_ar_admin

Пікір жазу