«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратҚұқық

Шерзатты құлағаннан кейін ұрды, Нұрқанатқа да пышақ тықты – әжесі

Шерзатты құлағаннан кейін ұрды, Нұрқанатқа да пышақ тықты – әжесі
ашық дереккөзден

Талғарда болған Шерзат Болаттың қазасына қатысты істің сот отырысында Шерзаттың әжесі Жұмабике Кадировадан жауап алынды.

Прокурор Жұмабике Кадировадан құлап қалған Шерзаттың қасына кім жолағанын сұрады.

Бәрі жолады. Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиеваны ұстап тұрған балалар да барып, Шерзатты құлағаннан кейін ұрды. Себебі Шерзат жүгіріп бара жатып, құлап қалды. Мен қашып кетеді екен деп ойладым. Мен көзіме көрінбегеніне қашып кетті деп ойладым басында. Бірақ қайдан жүгіріп шыққанын білмеймін, — деді Шерзаттың әжесі.

Ол ұлы Нұрқанат Ғайыпбаевтың осы кездегі әрекеті жайлы прокурордың қойған сұрағына жауап берді.

Шерзат құлаған кезінде «Нұрқанат аға, маған бірдеңе тығып алды» деді. Содан кейін Шерзатқа барамын дегенінше, олар Нұрқанатты аяғынан сүйреп, ұрып, оған да пышақ тықты. 3 пышақ кірген, бір пышақ қадалған, — деді Жұмабике Кадирова.

Топ болып жиналған жігіттер Шерзатты бір затпен ұрғанын айтты.

Адамдар «мылтықпен ұрыпты, мылтық Нұрқанаттың, болмаса Қаржаубайдың мылтығы, Қаржаубай пышақ ұстаған» деп айтып жатыр. Менің балаларым осы балаларға қарағанда еңбекқор, халық үшін қызмет етіп жатқан азаматтар. Екеуі де реанимацияда адамдарға көмек беріп жүрді. Қолдарында дипломдары, жұмыстары және бала-шағасы бар азаматтар. Көріп тұрсыздар, мына балалардың бірде-біреуінің қолында дипломы жоқ. Бірақ тәртібі түзу балалар олай болмайды. Дені түзу ата-анадан тәрбиеленген дені түзу балалар болғанда, олар да еңбек етіп, түн ішінде олай жүрмес еді, — деді Жұмабике Кадирова.

 

Ұқсас жаңалықтар

Судья Шерзат өлімі бойынша сот отырысын сынаған блогерлерге ескерту жасады

«Еске түсіру оңай емес»: Марқұм Шерзаттың әжесінен сотта жауап алынды

Redaktor Shyn-Ar

«Дәрігер бар, ақша жоқ». Министр ауыл дәрігерлерінің ақшадан қағылғанын айтты

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу