Ведомствоның мәліметінше, инвесторлар ең көп қаржы құйған салалар қатарында дәстүрлі бағыттармен бірге өңдеу өнеркәсібі мен IT саласы да алдыңғы орынға шығып келеді.
Нақты салалар бойынша инвестиция көлемі былай бөлінді:
Тау-кен өндіру өнеркәсібі – 6,5 млрд доллар;
Көтерме және бөлшек сауда – 5,3 млрд доллар;
Өңдеу өнеркәсібі – 2,8 млрд доллар;
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер – 916,5 млн доллар;
Ақпарат және байланыс – 571,9 млн доллар;
Қаржы және сақтандыру қызметі – 485,9 млн доллар;
Электрмен жабдықтау және газбен қамту – 370,8 млн доллар;
Құрылыс – 289,6 млн доллар;
Көлік және қоймалау – 170,1 млн доллар;
Әкімшілік қызметтер мен басқа да салалар – 98,8 млн доллар.
Сыртқы істер министрлігі инвестициялық ағым тек дәстүрлі бағыттарда шектелмей, жоғары технологиялар мен өңдеу өнеркәсібіне деген қызығушылықтың да күшейіп келе жатқанын айтады.
Қазақстанға ең көп инвестиция салған елдер:
Ресей – 4,1 млрд доллар,
Нидерланд – 3,8 млрд доллар,
Оңтүстік Корея, Бельгия, Қытай – әрқайсысы 1,2 млрд доллардан,
Франция, Кипр, Ұлыбритания, Сингапур және Түркия – әрқайсысы 597 млн мен 843 млн доллар аралығында қаржы салған.