«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Қырымнан бас тарту мүмкін бе? – Трамп Зеленскийге қатысты ойын айтты

Зеленский Қырымнан бас тарта ма? – Трамп жауап берді
ашық дереккөзден

Менің ойымша, иә, — деп жауап берді Трамп Ақ үй пулындағы журналистердің сұрағына.

Сонымен қатар саясаткер Қырымның Ресей құрамына АҚШ президенті қызметін Барак Обама атқарған кезде өткенін еске салды. Осыған байланысты Ақ үй басшысы Қырым мәселесіне қатысты сұрақтарды өзіне емес, басқа адамдарға қоюды сұрады.

Америкалық көшбасшы сондай-ақ Ватиканда Зеленскиймен өткен кездесуі сәтті өткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Зеленский Вашингтондағы келіссөздерге қарағанда “сабырлы” болған.

Бұған дейін, сәуір айында, Трамп The New York Times газетінің мақаласына пікір білдіре отырып, Қырымды Украинаға қайтару талабын “ақылға қонымсыз” деген еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қытайлық компания Абай облысында алюминий зауыты мен жел электр станциясын салмақ

Ұлттық банк жаңа құрылыстан пәтер сатып алу тәртібін өзгертуді ұсынды

Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды