«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпарат

«Парад бар, құрмет жоқ: Астана ардагерін неге өткізбеді?»

Парад бар, құрмет жоқ: Астана ардагерін неге өткізбеді?"
ашық дереккөз
@shynar.kz4Астанада 7 мамыр күні өткен әскери парад барысында елге сіңірген еңбегімен танылған тыл ардагері, белгілі нейрохирург Теңдік Исақовты трибунаға өткізбей қойған сәт қоғамда үлкен резонанс тудырды. Мерекелік шараны сырттан тамашалауға мәжбүр болған ардагердің бейнесі әлеуметтік желілерде кең тарап, жұрттың ашуын туғызды. Астана әкімдігі бұл оқиғаға: «Парадқа кіру тек алдын ала жасалған арнайы тізім арқылы жүзеге асты. Тізімге тек ардагерлердің туыстары берген өтініш негізінде енгізілгендер ғана кіргізілді», — деп қысқа қайырды. Ал Теңдік Исақовтың отбасынан ондай өтініш түспеген. Бірақ бұл жауап көпшіліктің ашуын баса алмады. Әлеуметтік желі қолданушылары «Қазір санаулы ғана ардагер қалды. Ондай жандарды әкімдік өзі іздеп, арнайы көлікпен алып келуі керек еді. Бұл – тек парад емес, ұлтқа құрметтің көрсеткіші» деп сын айтты. Ардагер туралы не белгілі? Белгілі әнші Зарина Омарова да Instagram парақшасында былай деп жазды: «67 жыл нейрохирург болып еңбек еткен, ақсақал адамды парадқа кіргізбей қойғанын көріп жаным ауырды. Осындай жандар – елдің нағыз мақтанышы. Ұмытылуға тиіс емес…» Қоғамдық қысымнан кейін әкімдік ардагер мен туыстарынан кешірім сұрап, оны 9 мамырдағы гүл шоғын қою рәсіміне арнайы шақырған. Алайда, бұл оқиға «құрмет» сөзінің әкімдік үшін жай формалдылық екенін тағы бір рет көрсетті. Нағыз еңбек иесін парадтық тізіммен емес, ұлттық қадірмен бағалау керек емес пе?

♬ оригинальный звук — ShynAr.kz


Бифат Елтаева
Отправлено из Почты Mail

Ұқсас жаңалықтар

Блогерлер кірістерін 53 млрд теңгеге төмендетіп көрсеткен

Redaktor Shyn-Ar

Жанат Бақыт: «Қазақи киімді тек наурыздың 22-сі күні киетін әрекетіміз ұнамайтын»

Redaktor Shyn-Ar

Өзбекстанда кітап оқыған тұтқынның жаза мерзімі қысқаруы мүмкін

Пікір жазу