«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Алматыда үш шетелдік қамауға алынды

Алматыда үш шетелдік қамауға алынды
көрнекі сурет

ҚМА Алматы бойынша департаменті үш шетелдік азаматты ұстап, жалға алған пәтерде тінту жүргізу барысында алты SIM-бокс анықтап, тәркіледі.

«Бұл құрылғылар алаяқтық схемаларда кең көлемде қоңыраулар жасау, хабарламалар жіберу және абоненттік нөмірлерді өзгерту үшін қолданылады.

Сондай-ақ, әртүрлі мобильді операторлардың 5 мыңнан астам SIM-картасы тәркіленді», — делінген хабарламада.

Аталған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстык кодексінің 213-бабы 2-бөлігі бойынша – «Ұялы байланыс абоненттік құрылғысының идентификациялық кодын заңсыз қолдану, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту және идентификациялық кодты өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату» қылмыстық іс тіркелді.

Күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынған. Олардың интернет-алаяқтыққа қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпарат жалған болып шықты

Жол тегін емес: 24 мамырдан бастап тағы бір бағыт ақылы болмақ

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстан энергия тапшылығын 2027 жылға қарай толық жоймақ