«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСот

Перизат Қайратқа 10, анасына 8 жыл түрме жазасы сұралды – Прокурор ұйғарымы

Астана сотында прокурорлар «Birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі, волонтер Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты жаза түрін мәлімдеді. Мемлекеттік айыптаушы Арман Қызыкен қос айыпталушыны нақты мерзімге бас бостандығынан айырып, қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеуді сұрады.

Айыптаушы тарап ұстанымы:

Перизат Қайратқа — 10 жыл бас бостандығынан айыру;

Ғайни Алашбаеваға — 8 жыл бас бостандығынан айыру.

Сондай-ақ прокурор қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркілеуді және одан түскен қаржыны жәбірленушілерге өтеуді талап етті.

Айыптаулар тізімі:

Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша айыпталып отыр:

190-бап, 4-бөлім, 2-тармақ — аса ірі мөлшердегі алаяқтық;

218-бап, 2-бөлім, 1-тармақ — адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру (жылыстату);

218-бап, 3-бөлім, 3-тармақ — аса ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Мадина Оразалина соттағы пікірталас кезінде бұл іс әлеуметтік тұрғыдан сезімтал тақырыптарды бас пайдасына пайдаланатындарға сабақ болуы тиіс деген пікір айтқан.

Тергеу барысында не белгілі болды?

Перизат Қайрат дайын диплом сатып алуға тырысқаны жайлы ақпарат тараған;

Куәгерлердің айтуынша, ол қорға түскен қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған;

Димаш Құдайбергеннің есімі де сот процесінде аталды;

Назарбаев зияткерлік мектебінің қызметкерлері тасқын кезінде қорға 2,9 млн теңге аударған;

Жалпы, қорға ақша аударған 47 адам жәбірленуші деп танылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қостанай облысында зираттарды су басты

Redaktor Shyn-Ar

Халық алдында жүзім ашық: Тасмағамбетов мәлімдеме жасады

Зеленский соғыстың қашан аяқталатынын айтты

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу