«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметМәдениет

Еліміздегі ең үздік қымыз анықталды

Қазақстанда қымызға арналған тұңғыш әрі ауқымды мәдени шара – «BaiQymyz» фестивалі өтті. Екі күнге созылған бұл мерекелік жиынға 70 мыңнан астам адам қатысып, ұлттық сусынның қадір-қасиетін тағы бір мәрте сезініп қайтты.

Фестиваль аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген қымыз өндірушілер арасында «Ең үздік қымыз» байқауы ұйымдастырылды. Дәм татқан қонақтардың тікелей дауыс беруі арқылы анықталған жеңімпаздар мол қаржылай сыйақыға ие болды.

Байқау нәтижесі төмендегідей:

🥇 І орын – Абай облысы, Саржал ауылындағы шаруа қожалығы. Сыйақы: 20 миллион теңге

🥈 ІІ орын – Қарағанды облысының Қарқаралы өңірінен келген қымыз өндіруші. Сыйақы: 15 миллион теңге

🥉 ІІІ орын – Ақмола облысындағы «Қымызнай» қымызы. Сыйақы: 10 миллион теңге

Мерекенің тағы бір маңызды бөлігі – «Ер Қанаты» атты жылқы көрмесі болды. Ат әбзелдері мен тұқымды жылқылар ұсынылған көрмені 3 000-нан астам көрермен тамашалады.

Фестивальді ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның басты мақсаты – қазақтың ұлттық сусыны – қымызды дәріптеу, оның денсаулыққа пайдалы қасиеттерін насихаттау және отандық өндірушілерге қолдау көрсету.

Айта кетейік, фестивальдің идея авторы әрі ұйымдастырушысы – танымал этнограф Әйгерім Мұсағажинова. Оның айтуынша, мұндай шара арқылы қымыз мәдениетін жаңа деңгейге шығару көзделген.

Ұқсас жаңалықтар

БҚО-дағы бес баланың өлімі: Облыс әкімдігі отбасына көмек көрсетеді

Землетрясение на юге Казахстана: были ли зафиксированы разрушения

Ресей Қазақстанға көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылауға рұқсат беруді ұсынды