«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСот

Шерзат Полаттың әкесі сотталушылардан түскен өтемақыны балалар үйіне аударатынын мәлімдеді

Шерзат өтемақы
Жоғарғы сот

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Каржаубай Нұрымов өзіне өтеу ретінде төленуі тиіс соманы балалар үйіне қайырымдылыққа аудармақ. Бұл туралы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.

Адвокаттың айтуынша, әуелде Каржаубай баласын өлтірген адамдардан ақша алудан үзілді-кесілді бас тартқан. Алайда, оған бұл өтемақының сотталғандардың шартты жаза алмауы үшін төленетін формалдық рәсім екенін түсіндіргеннен кейін, ол қаражатты қабылдап, қайырымдылыққа жұмсауға шешім қабылдаған.

Еске сала кетейік, сот моральдық зиянды өтеу туралы талап арыздарды ішінара қанағаттандырды:

  • Абзал Шынасыл – жәбірленушілердің әрқайсысына 20 млн теңгеден;

  • Равиль Сакиев – 15 млн теңгеден;

  • Кәмелет жасына толмаған Думан Ысқақтан басқа қалған сотталғандар – 10 млн теңгеден өтемақы төлеуге міндеттелген.

Ұқсас жаңалықтар

Сәресі мен ауызашар дұғасы

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстан елшілігі Түркиядағы қазақстандықтарға үндеу жасады

2025 жылы Қазақстандағы инфляциялық ахуал: Қымбатшылық жалғаса ма?

Пікір жазу