«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратСот

Жамбыл облысында департамент басшысы пара алғаны үшін айыппұлмен құтылды

Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің басшысы сотталды.

Тараз сотымен Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Т.Смағұлов, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС Бас директорының орынбасары Б.Полатбеков және осы кәсіпорынның экологы М. Асан сотталды.

«Смағұлов пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру кезінде бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік бергені, жалпы қамқорлығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Смағұлов, Полатбеков және Асан жалпы сомасы 24 млн теңге айыппұл салуға сотталды», — делінген хабарламада.

Бұдан басқа, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Ирандағы мектепке жасалған соққыны АҚШ жасаған — New York Times

АЭС – болашақ энергиясы: Хайрушев заманауи реактордың артықшылықтарын атады

Redaktor Shyn-Ar

Нұрбол Назарбаев әкесінің қарызына байланысты өзін банкрот деп жариялай алмады