«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСот

«Жаным ашиды»: Жәбірленуші Перизат Қайраттың анасына қатаң жаза бермеуді сұрады

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша сот процесі қызу жүріп жатыр. Қайырымдылық желеуімен жиналған жүздеген миллион теңге қалай жұмсалғаны белгісіз күйде қалып, қоғамда үлкен сенім дағдарысын туғызды.

Соттағы жарыссөз кезінде жәбірленушілердің бірі Садық Олжас сот залында толқынысын жасыра алмады. Ол Перизат Қайраттың кінәсі толық дәлелденгенін атап өтті. Бірақ, сонымен қатар, оның анасына аяушылықпен қарауды сұрады.

– Бұл – менің ғана емес, көмектескісі келген ондаған, жүздеген адамның қайғысы. Мәселе ақшада емес, сенімде. Біз адалдыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке сендік. Сол сенім тапталды, – деді Олжас.

Оның айтуынша, 2023 жылы Газа секторындағы гуманитарлық апат кезінде ол ел азаматтарынан 83 миллион теңге жинап, қаражатты Перизат Қайрат басқаратын қорға тапсырған. Бірақ соның қайда, қалай жұмсалғаны туралы мардымды есеп болмаған. Тергеу деректеріне сүйенсек, бұл тек жалғыз эпизод емес — жалпы келтірілген залал көлемі 200 миллион теңгеден асып отыр. 47 азамат жәбірленуші ретінде танылған.

Қоғам бұл оқиғаны жай ғана қаржылық алаяқтық емес, «сенімге жасалған сатқындық» деп бағалап отыр. «Стройконструкция» АҚ-ның өкілі тіпті Перизат Қайратты «алаяқтардың патшайымы» деп атап, оны атышулы Остап Бендер мен Сонька Алтынқолмен салыстырды.

– Перизат Қайрат – сенім капиталына қол сұққан адам. Ол халықтың қиын сәттегі үмітін саудаға салды, – деді жәбірленушілердің бірі. Олар соттан айыпталушыларға ең қатаң жаза тағайындауды талап етті.

Дегенмен Садық Олжас Перизаттың анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты үкімнің жұмсақтау болғанын қалайды.

– Анасына жаным ашиды. Денсаулығы күрделі екенін білемін. Оны үйқамақта қалдыру – адамгершілік шешім болар еді, – деді ол.

Қоғам үшін бұл іс – заң мен әділдік арасындағы ғана емес, адами құндылықтар мен сенім аралығындағы күрделі таңдау болып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік тілде сөйлегені үшін ‘нацист’ атанды: Алматыда дау туғызған кафе

Redaktor Shyn-Ar

Нұрмахан Елтайдың «Әр кәллада бір қиял» кітабының тұсаукесері өтті

Redaktor Shyn-Ar

Басы дауға қалған Көкшетау әкімінің 26 жастағы көмекшісі өз еркімен жұмыстан кетті

Пікір жазу