«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратМәдениет

«Қазақстан мамбеттерімен танымал»:Қазақтарды қорлаған кәсіпкер қамалды

Қарағандылық кәсіпкер Алика Мұхамадиева әлеуметтік желіде қазақстандықтардың ар-намысына тиетін жазба жариялағаны үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның желідегі арандатушы сөзі қоғамда жаппай наразылық тудырып, қылмыстық іс қозғалды.

Мұхамадиева «Қазақстан несімен танымал?» деген сауалға: «мамбеттерімен» деп жауап берген. Сонымен қатар, ол қазақ тілінде сөйлеуді талап ететіндерді келемеждеп, мемлекеттік тілді «полукалбитский диалог» деп сипаттаған. Бұл жазбалар әлеуметтік желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырды.

Осыған қоса, ол бұрынғы пікірлерінде мұсылман жамағатқа да тіл тигізіп, гигиенаға қатысты ауыр сөздер жазған. Желіде тарап кеткен жазбасында:

«Мұсылмандар, сендерді бірнеше рет байқап жүрмін. Шошқа секілді ұстайсыңдар өздеріңді… Қанды ішіп біттіңдер. Үйлеріңнен шықпаңдар…» деген сөздері қоғамның әртүрлі бөлігінің ашық қарсылығына ұшырады.

Кәсіпкердің дау тудырған мәлімдемесі Сoffeetaipan компаниясының атынан 2GIS платформасында жарияланғаны да белгілі болды. Онда Мұхамадиева:

«Қазақстанда қазақ тіліне байланысты қарқын алған «нацистік» тренд – Батыстың үгіт-насихаты. Қазақ тілі үшін емес, орыс тіліне қарсы күрес жүріп жатыр», – деп мәлімдеген.

Осы әрекеттері үшін Алика Мұхамадиеваның үстінен бірнеше азамат Бас прокуратураға арыз түсірген. Белсенді Айбар Олжай:

«Бұл әрекет ҚР ҚК 174-бабына сәйкес, ұлтаралық араздық қоздыру ретінде қаралуы мүмкін. Бас прокуратура тексеріс жүргізіп, іс Қарағанды полициясына берілуі мүмкін», – деп жазды.

Кәсіпкер кейіннен көпшіліктен кешірім сұрап, эмоцияға берілгенін мойындады:

«Бүкіл Қазақстан халқынан кешірім сұраймын. Түнде көз ілмедім. Қызым мен күйеуіме қарап, қатты ұялдым. Менің жүрегім ауырып тұр…» – деді ол.

Алайда оның кешірімі тергеуді тоқтатуға себеп болмады. Қазіргі таңда Мұхамадиева уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, ол 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, мұндай жағдай биыл алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Бұған дейін Алматыдағы «Братский шашлык» дәмханасы қазақ тіліндегі мәзірді сұраған тұтынушыға «нацист», «фашист» деп жауап беріп, қоғамның қатаң сынына ұшыраған болатын. Қоғамдық қысым нәтижесінде дәмхана кешірім сұрап, жауапты қызметкерді жұмыстан шығаруға мәжбүр болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,8 триллион теңгеге жетті

Шерзат ісі: Үйқамақта болуы тиіс айыпталушы оқиға кезінде бостандықта жүрген

Redaktor Shyn-Ar

Тоқаев Түркістанның ерекше мәртебесін бекітті

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу