«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратМәдениет

Орталық Азия елдерінің медиа саласындағы ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтеріліп келеді – Балаева

Орталық Азия елдерінің медиа саласындағы ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтеріліп келеді – Балаева
көрнекі сурет

Елордада ІІ Орталық Азия медиа форумы өз жұмысын бастады. Форумның ашылуында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Орталық Азия елдерінің медиа саласындағы байланысы нығайып келе жатқанын айтты.

Министрдің сөзінше, Орталық Азия көшбасшылары деңгейінде ақпараттық саладағы ынтымақтастықты жандандыру мәселесі бірнеше рет талқыланған болатын. Былтыр Астанада өткен Консультативтік кездесуде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен медиаөнімдер жасау туралы бастама көтерді.

Қазақстан Орталық Азияның ортақ телеарнасын құру және аймақтың әлеуеті, осы аумақта тұратын халықтардың достығы мен бірлігі туралы хабардар ететін тележобаларды, сондай-ақ біздің халықтарымыздың тарихы мен ерекшелігі туралы танымдық теле-радио бағдарламалар топтамасын дайындау идеясын қолдады. Осылайша, қазіргі уақытта Орталық Азия елдері өңірдегі ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен телеарна мен өңірлік медиаплатформаны іске қосу мүмкіндігін қарастыру үстінде, — деді Балаева форумда.

Министр атап өткендей, Орталық Азия елдерінің медиа саласындағы ынтымақтастығы да жоспарлы түрде жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Мәселен, Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Өзбекстанның Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі арасында 2025 жылға дейінгі өзара іс-қимыл жоспарына қол қойылды.

Жоспар медиаконтент алмасуды, журналистерге арналған тренингтер мен семинарлар өткізуді, баспасөз хатшыларының біліктілігін арттыруды, жас мамандарды қолдауды және жалған ақпаратпен бірлесіп күресуді қамтиды. Сондай-ақ тараптар тәжірибе алмасу және кәсіби байланыстарды дамыту мақсатымен екі елдің журналистері үшін баспасөз турларын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Орталық Азияның барлық елін осы үдеріске қатысуға шақырамыз, — деді Аида Балаева форумда.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақ тілі – басты құндылығымыз»: Magnum компаниясы халықтан кешірім сұрады (видео)

Redaktor Shyn-Ar

Ғашықтар күні неге 15 сәуірде атап өтіледі?

Redaktor Shyn-Ar

Ұлттық құрылтайда биыл қандай мәселе көтеріледі?

Пікір жазу