«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарӘлеуметСаясат

Кәрім Мәсімовтің жағдайы қалыпты – Ішкі істер министрі

Кәрім Мәсімовтің жағдайы қалыпты – Ішкі істер министрі

Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған Кәрім Мәсімовтің қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді.

Министрдің айтуынша, ол медициналық есепте емес.

Медициналық есепте тұрған жоқ. Оның өкілдерінің барлық уәждері тексеріліп жатыр. Бүгінгі күні сіздерге жағдайы қалыпты екенін ресми түрде айтамын. Ол сот шешімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отыр, — деді министр.

БАҚ өкілдері камерада кіммен отырғанын нақтылап сұрады.

«Маңызды емес», — деді министр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанға Болгария президенті ресми сапармен келеді

71 млн доллар тұратын тарихи зәулім сарай Құлыбаевқа тиесілі — Deutsche Welle

Досаев Алматы әкімі қызметінен босатылды

Пікір жазу