«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарӘлеуметСаясат

Кәрім Мәсімовтің жағдайы қалыпты – Ішкі істер министрі

Кәрім Мәсімовтің жағдайы қалыпты – Ішкі істер министрі

Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған Кәрім Мәсімовтің қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді.

Министрдің айтуынша, ол медициналық есепте емес.

Медициналық есепте тұрған жоқ. Оның өкілдерінің барлық уәждері тексеріліп жатыр. Бүгінгі күні сіздерге жағдайы қалыпты екенін ресми түрде айтамын. Ол сот шешімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отыр, — деді министр.

БАҚ өкілдері камерада кіммен отырғанын нақтылап сұрады.

«Маңызды емес», — деді министр.

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект әсерінен қандай мамандықтар жойылып кетуі мүмкін?

Референдум алдында алаяқтар көбейіп, азаматтардан SMS код сұрап жатыр

«Сіздер жақсы білетін адам»: Тоқаев Вице-президенттің кім болатынын қашан айтатынын мәлімдеді