«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Референдум алдында алаяқтар көбейіп, азаматтардан SMS код сұрап жатыр

Қазақстанда алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа тәсілін қолдана бастады. Олар телефон арқылы хабарласып, алдағы референдумға «бюллетеньді тіркеу» қажет екенін айтып, SMS арқылы келген кодты сұрайды.

Кейбір азаматтарға белгісіз адамдар телефон шалып, өзін ресми органдардың өкілі ретінде таныстырып, референдумға қатысу үшін «тіркеу керек» екенін айтады. Осы сылтаумен олар SMS арқылы келген кодты сұрап, азаматтардың жеке деректерін иемденуге тырысады.

Сонымен қатар мессенджерлерде «онлайн дауыс беруге қатысушыларды тіркеу жүріп жатыр» деген мазмұнда жалған хабарламалар да тарап жатыр.

Дезинформацияға қарсы күрес орталығы мәліметінше, референдумға байланысты ешқандай телефон қоңыраулары, онлайн тіркеу немесе SMS-код сұрау рәсімі қарастырылмаған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, референдум кезінде дауыс беру тек сайлау учаскелерінде қағаз бюллетень арқылы жүргізіледі.

Осыған байланысты мамандар азаматтарды сақ болуға шақырып, белгісіз адамдарға жеке мәліметтерін бермеуге кеңес береді. Сондай-ақ тұрғындарға тек сайлау комиссияларының ресми ақпараттарына ғана сену ұсынылады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық әйел гүл жеткізу қызметінің жалған курьеріне алданып, 7,5 миллион теңгесінен айырылған. Ақтөбе қаласының 26 жастағы тұрғыны мерекелер қарсаңында телефон алаяқтарының құрбаны болды. Оған WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, өзін гүл жеткізу қызметінің курьері ретінде таныстырған. Алаяқ тапсырысты растау үшін телефонға келген SMS-кодты айтуын сұрап, оның қаражатын иемденген.

Ұқсас жаңалықтар

“Олимптің“ бұрынғы иесі Қазақстанда қайтыс болды деп танылды — БАҚ хабарлады

Redaktor Shyn-Ar

Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер бүгін басталады

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ