Украина президенті Владимир Зеленский елдің Қазақстандағы елшісін тағайындады.
Украина президенті сайтында жарияланған жарлыққа сәйкес, бұл қызметке бұрын Түркіменстанда елші болған Виктор Майко тағайындалған.
«Виктор Анатольевич Майконы Украина Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындау туралы», – делінген жарлықта.
Украина елшісі лауазымы 2022 жылдың қазанынан бері бос тұрған еді. Ол кезде бұрынғы елші Петр Врублевский қызметінен кеткен болатын. Сол кезде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Врублевскийдің қазақстандықтардың көңіліне тиетін сөздерінен кейін оның қалаусыз тұлға мәртебесін алғанын хабарлаған еді.
Виктор Майко кім?
Виктор Майко 1960 жылы Днепропетровск қаласында дүниеге келген. Киевтегі Тарас Шевченко атындағы университетті «журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
Оқудан кейін журналист, Ұлыбританиядағы Украина елшілігінің мүшесі, Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары болып жұмыс істеген.
2005–2010 жылдары Украина Республикасының Түрікменстандағы елшісі қызметін атқарған.
2010–2014 жылдары Украина СІМ орынбасары болған.
2014–2020 жылдары Украина СІМ кеңесшісі болған.
2020 жылдың желтоқсанында Украина Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Ағылшын тілін еркін меңгерген. Үйленген, қызы бар.