«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Екі жыл ішінде нәтиже көрсетпеген әкім қызметінен босатылуы керек — Депутат

Депутат тиімсіз жұмыс істеген әкімдерді екі жылдан кейін қызметінен босатуды ұсынды
Ашық дереккөзден

Депутат нәтижесіз әкімдерді екі жылдан кейін қызметінен босатуды ұсынды

Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутат Бақытжан Базарбек облыс және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне екі жылдық сынақ мерзімін енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, әкімдердің тиімділігін бағалау нақты әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге негізделуі тиіс.

— Әкімдер тағайындалған соң екі жыл ішінде өңірдің табыс деңгейі, салық жиналымы, жаңа стартаптар мен өндіріс орындарының іске қосылуы, инвестиция көлемі, экономикалық өсім сынды макроэкономикалық көрсеткіштерге қарап бағалануы керек. Егер нәтиже болмаса — әкім өз өкілеттігін тоқтатуға тиіс, — деді депутат.

Базарбек халық әкімдердің жұмысына нақты баға беретін қоғамдық карта жасауды да ұсынды. Онда өңірдегі инвестициялық жобалар мен олардың жүзеге асу деңгейі ашық көрсетілуі қажет.

— Халық дәл осындай түбегейлі өзгерістерді күтіп отыр, — деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық 7 футбол клубы сатылымға шығарылады

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ВЬЕТНАМ РЕСПУБЛИКАСЫ ХЫНГ ЙЕН ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ХАЛЫҚ КОМИТЕТІ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Алматы метросы Алатау қаласына дейін ұзартылмақ

Пікір жазу