«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Алматыда жол саласына маман даярлайтын жаңа кафедра ашылды

Алматыда жол саласы үшін білікті мамандар даярлауға бағытталған жаңа кафедра жұмысын бастады. Қазақ автомобиль-жол институтының (ҚазАЖИ) «Көлік құрылысы және урбанистика» кафедрасы «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазжолҒЗИ) базасында ашылды.

Жоба ҚазжолҒЗИ мен ҚазАЖИ арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылып отыр. Оның негізгі мақсаты – жол саласына қажетті инженерлік кадрларды даярлау және білім беру үдерісін тәжірибемен ұштастыру.

Жаңа кафедра студенттерге теориялық біліммен қатар ғылыми-өндірістік ортада тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Олар заманауи зертханалық жабдықтармен жұмыс істеп, жол-құрылыс материалдарын сынау әдістерін меңгереді, сондай-ақ нақты инфрақұрылымдық жобаларға қатыса алады.

«Бүгінде салаға оқу барысында-ақ практикалық дағдыларды игеріп, өндірістік процестерді терең түсінетін мамандар қажет. ҚазжолҒЗИ базасында кафедраның ашылуы жол саласының заманауи талаптарына жауап беретін әрі еңбек жолын бастаған сәттен бастап кәсіби қызметке дайын инженерлерді даярлауға жол ашады», – деді ҚазжолҒЗИ АҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Ғалия Асанова.

Мамандардың пікірінше, мұндай тәжірибе жоғары оқу орындарындағы білім беру мен еңбек нарығының сұранысы арасындағы алшақтықты азайтып, болашақ инженерлердің кәсіби даярлығын арттыруға ықпал етеді.

Алдағы уақытта ғылым, білім және өндірісті біріктіретін бұл модельді инженерлік кадрлар даярлаудың өзге бағыттарына да енгізу жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Парижде «1812 жыл: Соғыс және бейбітшілік» кітабының таныстырылымы өтті

Redaktor Shyn-Ar

Атырауда балабақшада бүлдіршіннің қолы сынып, миы шайқалған: Ата-анасы кінәлілердің жазалануын талап етеді

Redaktor Shyn-Ar

Құрылтайдың қарауына 53 заң жобасы өтті