«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

“Астана Банкінің“ бұрынғы басшысы сырттай 10 жылға сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров «Астана Банкі» АҚ-ның бұрынғы топ-менеджменті мен қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа мәліметтерді жария етті.

2025 жылғы 22 сәуірде елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында үкім шығарылғаны хабарланды.

Антикордағы брифинг барысында Биғайдаров:
«Сот «Астана Банкі» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы әрі ірі акционері Олжас Тохтаровты агенттік қызметтер көрсету арқылы ұрлық жасағаны және банкроттық алдындағы кезеңде Алматы қаласындағы бизнес-орталықты бағынышты компаниялардың пайдасына заңсыз иеліктен шығарғаны үшін кінәлі деп таныды», – деді.

Сот шешімімен Тохтаров сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған тиесілі жалпы сомасы 14 миллиард теңгеден асатын мүлік — тұрғын, әкімшілік және өндірістік нысандар, құрылыстар, жер телімдері, бағалы қағаздар мен криптовалюталар тәркіленуге жатады.

Еске салсақ, 2024 жылғы қыркүйекте Антикор Олжас Тохтаровты тергеуге шақырған болатын. Агенттік өкілдерінің мәлімдеуінше, күдікті 2024 жылғы 26 қыркүйекте Астанадағы ведомствоның әкімшілік ғимаратына келуі тиіс болған.

Ұқсас жаңалықтар

Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды

Зеленский Путинмен жеке кездесуге дайын екенін айтты

Redaktor Shyn-Ar

Путин Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевқа берілген марапатты табыс етті

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу