«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратМәдениет

«Жошы хан» сериалы түсірілімі аяқталды: Ұлы ханның өмірі экранға шықпақ

Қазақстанда Жошы хан мен Алтын Орданың құрылуына арналған «Алтын империя» тарихи сериалының түсірілім кезеңі ресми түрде аяқталды. Жоба 2025 жылдың 14 ақпанында басталып, 11,5 аптаға созылды. Барлық түсірілім Қазақстан аумағында өтті: «Қазақфильм» студиясынан бастап Көшпенділер қаласы мен Тамғалы Тас петроглифтеріне дейін.

Сериалды Netflix-те танымал болған Karga Seven Pictures студиясы түсіріп жатыр. Режиссері – Эмре Сахин, сценарий авторлары қатарында «Викингтер» жобасына қатысқан тарихшы Джастин Поллард бар.

Туынды тарихи дәлдікке ерекше мән беріп, Алтын Орда тарихын зерттеген халықаралық сарапшылардың қатысуымен жасалды. Түсірілімге 700-ге жуық адам қатысты, олардың 70%-ы қазақстандық мамандар.

Сериалдың көріністерінде отандық Nomad Stunts тобы дайындаған ірі шайқастар мен жекпе-жек хореографиялары ерекше орын алады. Актерлік құрамға 350 адам іріктеліп алынған, оның ішінде қазақстандық әртістердің ойыны жоғары бағаланды.

Жоба қазір пост-продакшн кезеңіне өтті – монтаж, дыбыс пен визуалды эффектілер жасау жұмыстары жүргізілуде. Сериал халықаралық аудиторияға ұсынылатын Қазақстан тарихындағы ең ауқымды тарихи жобалардың бірі болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қарияны ұрған балалар үшін мұғалімдері жауапқа тартылады

Автора паблика Qaznews24 Темирлана Енсебека приговорили к 5 годам ограничения свободы

Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қазақстанға келді

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу