«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚұқық

Блогер Мирболат Мырзатайұлы төрт жылға сотталды

Алматыда блогер және қоғам белсендісі Мирболат Мырзатайұлына қатысты сот үкімі шықты. Медеу ауданының №2 соты оны “ұлтаралық алауыздық тудырды” деп айыптап, төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Мирболат Мырзатайұлына қатысты тергеу ісі қыркүйек айынан бері жүргізілген. Оның туыстары бірнеше күн бойы блогердің қайда жоғалғанын түсіне алмай, алаңдап жүрген. Кейін оның полиция тарапынан ұсталғаны белгілі болды. Сот тергеу барысында оны уақытша ұстау изоляторына қамау туралы қаулы шығарған.

Айыптаулардың барлығы блогердің әлеуметтік желілерде жариялаған жазбаларына негізделген. Мирболат Мырзатайұлы тағылған айыптарды мойындамай, істің “жасанды” екенін мәлімдеді.

Блогердің жақтастары “қудалаудың басты себебі – оның қоғамдық белсенділігі, атап айтқанда АЭС құрылысына қатысты сыни көзқарасы, YouTube-тағы тергеушілік жарияланымдары, экологиялық және саяси тақырыптағы пікірлері” деп есептейді.

54 жастағы Мирболат Мырзатайұлы – “Журналистік зерттеулер агенттігі” YouTube арнасының авторы. Бұған дейін ол мемлекеттік телеарналарда ұзақ жылдар қызмет етіп, кейін тәуелсіз тергеу жүргізумен және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді жариялаумен айналысып келген.

Еске сала кетейік, бұған дейін блогер өз парақшасында Өзбекстан азаматының басынан жарақат алғаны туралы және өзбек халқынан көмек сұраған бейнежазбаны жариялаған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда болған ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы анықталды

Дорога в обход Тараза станет платной с 5 мая 2025 года

Абу-Дабидегі келіссөз: Ресей мен Украина тұтқындарды алмастырды