«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратэкономика

Қазақстан 500 мемлекеттік компанияны жекешелендіруге шығарады

Қазақстанда экономиканың мемлекеттік сектордағы үлесін айтарлықтай қысқарту жоспарланып отыр. Үкімет құны 2 триллион теңгеден асатын 500 компанияны жекешелендіру, IPO/SPO арқылы биржаға шығару немесе қысқарту бойынша тізім жасады. Қазіргі таңда мемлекет шамамен 6 мыңға жуық ұйымның жұмысына қатысады, олардың ішінде балабақшалар мен ауруханалардан бастап ірі ұлттық холдингтерге дейін бар. Соңғы жылдары жүргізілген жекешелендіру нәтижесінде 922 миллиард теңгені құрайтын 396 нысан жеке секторға беріліп, 69 кәсіпорын таратылды немесе қайта құрылды.

Бұған дейін “ҚазМұнайГаз”, KEGOC және Air Astana секілді ірі компаниялар биржаға шыққан болса, енді жаңа 500 компанияны нарыққа шығару немесе оңтайландыру жоспарда. Бұл тізімге энергоөнеркәсіп, индустрия, агроөнеркәсіп, көлік, байланыс және қаржы салаларындағы ұйымдар кіреді. Сонымен бірге “Самұрық-Қазына” қорының “Қазақтелеком”, Kcell және Qazaq Green Power сияқты бірқатар компанияларын IPO-ға шығару мәселесі талқылануда. Оңтайландыру үдерісі 2026 жылдан 2030 жылға дейін үш кезеңмен жүзеге аспақ.

2026 жылдың соңына дейін квазимемлекеттік секторда жаңа субъектілер құруға мораторий енгізілді. Сонымен қатар демонополизацияны жеделдету мақсатында алтыншы антитрестік пакет Мәжіліске ұсынылды. Бұл шаралар мемлекеттік қатысудың азаюы есебінен бәсекені арттыру, тиімсіз кәсіпорындарды қайта қарау, IPO/SPO арқылы инвестиция тарту және әділ нарықтық орта қалыптастыруды көздейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда маркетплейстерде халал бөліп төлеу жүйесі іске қосылмақ

«Өтірік құрылтайшылар мен жалған қолтаңба»: Сот Перизат Қайрат құрған қорды таратты

Жетім балаларға қатысты даудан кейін облыс әкімінің орынбасары орнын босатты