«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Жұмыссыздарға әлеуметтік төлем көлемі артты: 308 мың азаматқа қолдау көрсетілді

Елімізде жұмыссыз қалған азаматтарға қолдау күшейтіліп, 2025 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша МӘСҚ-тан 308,4 мың адам әлеуметтік төлем алған, оның ішінде 268,6 мыңы биыл алғаш рет тағайындалған. Төлем көлемі 106,8 млрд теңге.

Жұмыстан босатылған азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өтілі мен соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1–6 айға дейін төлем алады, мөлшері жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі деңгейде. Төлемді алу үшін eGov.kz немесе enbek.kz арқылы онлайн тіркеліп, жұмыссыз мәртебесін алу жеткілікті.

МӘСҚ төлемі жұмыссыздық себептеріне қарамастан беріледі және азаматтың жаңа жұмыс табуына дейінгі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда Таиландтан екі чемодан есірткі тасымалдаған 22 жастағы қыз 16 жылға сотталды

«Орысша жауап бер, біз қазақша түсінбейміз»: Тұтынушының талабы желіде қызу талқыға түсті

Ұлттық тіл қоры және әдеби мұра: ЖИ дәуіріндегі ортақ міндет