«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Алматы Болат Назарбаевқа өткен зауыт мүлкін мемлекетке қайтарады

Алматы ауыр машина жасау зауыты (ААМЖЗ) Болат Назарбаев пен оған қатысты компаниялардың меншігіне өткен жер телімдері мен ғимараттарды мемлекетке қайтармақ. Қаржы министрлігі 2007 және 2015 жылдары жасалған сатып алу-сату келісімдерін заңсыз деп тануды соттан талап еткен. 2024 жылдың қарашасында Алмалы аудандық соты бұл мәмілелерді жарамсыз деп таныды, ал 2025 жылдың қаңтарында қалалық сот бұл шешімді күшінде қалдырды. Тергеу мәліметінше, Болат Назарбаевқа тиесілі тұлғалар ондаған гектар жер мен өндірістік нысандарды заңсыз иеленген. Бұған қоса, 2023 жылы Жоғарғы сот зауыт акцияларының 31,9%-ын Назарбаевқа сату келісімін жарамсыз деп танып, үлесті мемлекетке қайтарды. Осыдан кейін прокуратура мемлекетке тиесілі мүлікті заңсыз сату фактілері бойынша сотқа жүгінуді талап етті.

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтайды қазақ тілін жетік білген адам ғана басқарады

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда 30 елді мекенді су басу қаупі бар — ТЖМ

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметінен кетіп, жаңа лауазымға тағайындалды

Redaktor Shyn-Ar