«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарӘлеуметБасты ақпарат

Жетісуда 4 жасар баласын аяусыз ұрған әйелді сот психикалық ауытқуы бар деп таныды

Жетісу облысында 28 жастағы әйел кәмелетке толмаған ұлын қатты ұрып-соққаны үшін сотталды. Бұл іс Панфилов аудандық сотында қаралды.

Оқиға биыл 18 қаңтарда Нұркент кентіндегі көпқабатты үйде болды. Видеода әйел үш-төрт жастағы баласын жылу батареясына байлап, аяусыз ұрғаны көрсетілген. Кейін белгілі болғандай, ол баласын тек жуынатын бөлмедегі кранды жауып қоюды ұмытып кеткені үшін жазалаған.

Тергеу кезінде әйелдің психикалық ауытқуы бар екені анықталды, сондықтан ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот-психиатриялық сараптама нәтижесіне сүйенген судья әйелді міндетті түрде емделуге жіберу туралы шешім қабылдады. Сараптама бойынша әйелдің мінез-құлқында бұзылыстар бар, ол өз әрекеттерін толық түсінбейді және басқара алмайды.

Қазір әйелдің төрт және екі жастағы ұлдары Талдықорған қаласындағы балалар мекемесінде тәрбиеленіп жатыр. Жақын арада сот балалардың болашағы туралы қорғаншылық органдарының ұсынысын қарайды.

Еске сала кетсек, бұл оқиға әлеуметтік желіде тараған видеомен белгілі болды, онда әйел баласын қатты ұрған. Сол кезде ол уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Шығын 5,2 млрд теңгеден асады: Кәрім Мәсімовтің экс-күйеу баласына қатысты істің мән-жайы анықталды

Қазақстанға ең көп инвестиция салатын елдердің тізімі жарияланды

Қазақстанда алғаш рет әйел ғарышқа ұшты